Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты басталды

Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты басталды

Астанада еліміздің үздік жұмысшы маманын анықтайтын дәстүрлі «WorldSkills Kazakhstan-2018» Ұлттық чемпионаты басталды. Онда 350-ге жуық жас маман сынға түседі. 5 желтоқсан күні бұл шараға ҚР Премьер-Министрі, ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатыспақшы. 

Чемпионат барысында өңірлік жарыстардың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, мехатроника, инженерлік графика, дәнекерлеу технологиясы, сантехника және жылыту, электроника, веб-дизайн, электромонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, шаштараз, киім дизайны, мейрамхана қызметі, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, нан пісіру шебері, дәнекерлеу ісі, жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, кузовты жөндеу жұмыстары, плиткамен қаптау, ағаш шеберінің ісі, ағаш ұстасының ісі, аспаз ісі, ландшафт дизайны, шатыр жұмыстары, жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу, визуалды мерчендайзин т,б бойынша сынға түседі.

Айта кеткен абзал, былтыр қазақстандық жас шеберлер «WorldSkills-2017» байқауына қатысу үшін Абу-Дабиге барған еді. Ал, биыл күзде Қазақстан құрамасы Будапештте өткен «EuroSkills-2018» додасында 10-орын алды.

Өткізу орны: «Көрме» орталығы, Достық, 3 («Нұржол» бульвары)