Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қобыланды батыр – мазмұны терең, тілі көркем жыр

Қобыланды батыр – мазмұны терең, тілі көркем жыр

«Қобыланды батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Бұл жырды ақын, жыршы-жыраулар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып отырған. Сондақытан болар, «Қобыланды батыр» жырының 29 түпнұсқасы бізге белгілі.

Жалпы «Қобыланды батыр» - қазақ халқының эпикалық жырларының ішіндегі ең көрнектісі әрі көлемдісі. Қазақ радиосының «Алтын қорында» «Қобыланды батыр» жырының әр жылдары жазылған нұсқалары бар. Бірақ, толық емес. Жырдың бір ғана толық мәтіні ақтөбелік жырау Айса Байтабынұлының айтуы бойынша жазылып алынған. Жырдың сюжеттік желісі Мұрын жырау, Нұрпейіс ақынның нұсқаларына ұқсас келеді.

Айса жырлаған «Қобыланды батыр» жырының нұсқасы 1941 жылы Қазақстан ғылым және білім Министрлігінің орталық ғылыми кітапханасының қорына енгізілген. Сол нұсқа 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлінің бастамасымен үнтаспаға жазылып «Қазақ радиосының» «Алтын қорына» алынған.

Толық ақпарат бағдарламаның аудионұсқасында.