Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Наразылар билікке 40 талап қойды

Наразылар билікке 40 талап қойды

Әр күннің басты жаңалығын сараптайтын Қазақ радиосындағы «Өз сөзім» хабарының кезекті саны 17 қарашадан бері бүкіл Францияның көшелерінде өтіп жатқан демонстрациялар жайлы. Париждың орталығын от пен түтінге ораған митингтің мақсаты не? Демонстранттар үкіметен нені талап етті? Бұл қарсылыққа не түрткі болды? Биліктің жауабы қандай болды? Хабар авторы осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.   

«Сонымен қарашаның бел ортасынан бері үстіне сары күртеше киген халық үкіметтен жанармай бағасын өсірмеуді талап етті. Себебі былтырдан бері баға 23%-ға көтерілген. Президент Макронның үкіметі жанармай құнын келесі жылы да көтермекші еді. Аталған мәселе көптің көкейіндегі түйіткіл екен. Алғашы күні-ақ 280 мың адам көшеге шықты. Қозғалыстың сары жилеттілер деп аталуы тегін емес. Францияда әрбір жүргізушінің сондай күртешесі бар. Көлік бұзылғанда, сыртқа сол киіммен шығуы керек. Демонстранттардың ортақ белгісі де сол сары жилет. Алайда бұл қозғалыстың ортақ жетекшісі, партиясы не штабы болған жоқ.

Қарсылық идеясы аяқ асты әлеуметтік желіде қолдау тауып, кең тарап кетті. Естеріңізде болса, 2014 жылы Киевтегі Еуромайдан қарсылығы да осылай басталған еді. Дегенмен, үлкен өрт ұшқыннан басталды. Бұл қозғалысқа қатардағы француз әйелінің жанармай бағасын түсіруді талап еткен онлайн-петициясы түрткі болды. Басында жұрт оған назар аудармаған. Бірақ «Parisien» газеті оны жариялаған соң петицияға миллионға жуық азамат қол қояды. Ал 17 қараша күні халық жаппай қарсылық акциясына шықты.

Франция жанармай бағасы Еуропадағы ең қымбат елдің бірі. Бір литр 1,5 еуро тұрады немесе 635 теңге. Орташа жалақы 2957 еуро немесе 1 млн 244 мың теңге. Бұл сандар теңгеге шаққанда көп секілді. Ал Батыс Еуропа елдері үшін орташа көрсеткіш, бірақ жанармай бағасы, шынында, қымбат. Оған не себеп?»,- дейді Нұрмұхамед Байғара. 

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Өз сөзім» хабары әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 20:00-де Қазақ радиосынан беріледі.

Сурет www.vesty.co.il сайтынан алынды.