Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елорданың экологиялық ахуалы көңіл көншітерлік пе?

Елорданың экологиялық ахуалы көңіл көншітерлік пе?

Әр күннің басты жаңалығын сараптайтын Қазақ радиосындағы «Өз сөзім» хабарының кезекті саны – «Астанаға тартылатын газ құбыры және елорданың экологиясы» тақырыбына арналды.

«Соңғы 2-3 жылда аталған мәселелер өзара тығыз байланысты болып қалды. Себебі, Астана қаласында зәулім биік ғимараттармен қатар жеке сектордағы жер үйлер саны да геометриялық прогрессиямен өсіп келеді. Ал қалаға табиғи газ толық жетпегендіктен жер үйлердің басым бөлігі күз, қыс, көктем айларында көмірмен, отынмен жылынады. Сәйкесінше, олардан шыққан түтін Астананың жартысын басып қалады. Бұл жағдай жалғаса берсе, жергілікті тұрғындардың тыныс алу мүшелері зақымдануы әбден мүмкін. Астаналықтар аталған мәселені жасырмай, әлеуметтік желілерде ашық жазып жатыр. Өйткені былтыр ғана ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан бас тақырып ретінде таза энергияны таңдап, оны жаһанға насихаттаған болатын. Ал енді сол көрме өткен шаһардың жағдайы жоғарғыдай.

Дегенмен, бұл мәселе жақын арада болмаса да, келешекте шешілетін секілді. Қала басшылығы Астана тек 2022 жылы ғана толық газбен қамтамасыз етіледі деді. Яғни, қала тұрғындары әлі 3-4 жыл көк түтінге шыдамдылық танытуы тиіс. Бүгін сол шешімнің тұсауы келісіпті. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпір барысында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталды. Жоба елдің орталық және солтүстік бөліктерін газдандыруға арналған. «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытымен өтеді. Оның жалпы ұзындығы 1061 шақырымға жетпек. Сондай-ақ, бір жылдағы газ өткізу мүмкіндігі 2,2 млрд текше метр. Аталған жоба 2 млн 700 мың тұрғынға газ пайдалануға мүмкіндік береді»,- дейді хабар авторы Нұрмұхамед Байғара.

Толық ақпарат аудионұсқада. 

«Өз сөзім» хабары әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 20:00-де Қазақ радиосынан беріледі

Сурет kazpravda.kz сайтынан алынды.