Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖИТС ауыруына шалдыққандар азаймай отыр

ЖИТС ауыруына шалдыққандар азаймай отыр

ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы) – аса қатерлі дерт. Вирустың құрамында SD-4 протеині бар зат табылған. Сондықтан вирус лейкоциттерге жабысып, олардың ішінде өзінің ақпаратын жіберіп отырады.

ЖИТС вирусы алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та Колифорния штатында кистозды пневмонияға шалдыққан біржыныстылар арасында табылған. 1983 жылы атақты ғалымдар Люк Монтанье және Франсуаза Барре-синусси зерттеп, лимфоциттерде орналасқандығын дәлелдеген. 1984 жылы ағылшын ғалымы Роберт Галло ЖИТС вирусын зерттеп, адамдарда ғана пайда болатынын дәлелдеді. 

ЖИТС (СПИД) індетінің біздің елімізге, қоғамымызға тарай бастағанына жиырма жылдан астам уақыт болыпты. Өкініштісі, бұл ауруды жұқтыратындар саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отыр.

Осыған орай «Шалқар» радиосындағы «Денсаулық» хабарының кезекті саны ЖИТС тақырыбына арналды. Студия қонағы - ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, эпидемиолог дәрігер Жанна Аймағанбетқызы.

«Денсаулық» хабары әр аптаның сейсенбі күні сағат 15:00-де «Шалқар» радиосының тікелей эфирінен беріледі. Эфир барысында денсаулық сақтау саласының мамандарына сұрақ қоюға болады. Студияның байланыс телефоны: 8 (717) 2 75-72-72.