Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақ аюлар жойылу алдында тұр

Ақ аюлар жойылу алдында тұр

«National Geographic Qazaqstan» журналының 2018 жылғы тамыз айындағы санында жарияланған ақ аюдың фотосуреті қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Онда зерттеуші-ғалым Кристина Миттермейердің «Көрмегенім жақсы еді» атты мақаласындағы суреттен ғаламдық жылынудың салдарынан әлгі ақ аю қаншалықты мүкшіл халге түскенін көруге болады. Мақала авторы өзінің негізгі салмағының 60 пайызын жоғалтқан аюды сөз ете отырып, жер планетасының қазірдің өзінде қандай қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отырғанын баяндауға тырысады.

«Мен оны - суретке, ал Пол видеоға түсірді. Аю талғажау етер азық табылып қалар деп жанармайдан босаған бөшкелерді иіскелей бастағанда, әріптестерім көз жасын сүртіп жатты. Пол осы видеоны Instagram желісінде жариялап: «Аштық деген, міне, осындай болады»,- деп жазып қойды. Сонымен қатар, ол ғалымдардың ақ аюлардың ғасыр соңына дейін жойылып кетуі мүмкін деген болжамын қоса жазып, «әлемдегі 25 мың ақ аю дәл осы аюдай өлмек пе?» деген салмақты сауал тастайды. Пол адамдардан көміртегі қалдықтарын азайтуды және мынадай апаттың алдын алуды сұрайды»,- деп жазады автор.

Қазақ радиосы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлескен жобасы «Ғалам» ғылыми-танымдық радио хабарының кезекті санында осы мақала жайлы айтылып, ғаламдық жылынудың тұмса табиғатпен қатар, адамзат атаулыға қалай әсер етіп жатқаны сөз болды.

 Хабардың жүргізушісі - Серік Әбдуәлі.