Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Керей мен Жәнібек хандар

Керей мен Жәнібек хандар

Кез-келген халықтың өткені мен болашағы тарихымен құнды. Тарихын таразыламаған, ата-баба ізін сараламаған ұрпақ болашақтың алдында жауапты. Содықтан да келер ұрпақ алдында ұятты болмас үшін бұл мәселеде өте сақ әрі жауапты қарағанымыз абзал. Өйткені әр тұтам жерде аталарымыздың ізі, төгілген қаны, салт-санасы, дәстүрі мен мәдениеті, өнері мен тілі бар. Соларды тал бойына сіңіріп, әженің әлдиі, ананың ақ сүті, атаның өсиетімен өскен әр ұл-қыз атажұртын жанымен сүйіп, сол үшін күйіп, арын абырой етіп, намысты бәрінен биік ұстайтынына күмән болмаса керек. Ендеше қай халықта да атажұртты асқақтатып, оның тағдырлы жолында айшықты із қалдырған тау тұлғалы азаматтары баршылық.

Қазақ тарихындағы сондай тау тұлғаларымыздың бірегейі Керей мен Жәнібек хандар. Бұл ретте қазақ халқының мемлекет, ұлт болып қалыптасуында Керей хан мен Жәнібек ханның орны ерекше. Қазақ радиосынан эфирге жол тартқан «Тұңғыштар» хабарының алғашқы санына осы тақырып өзек болады. Хабар барысында белгілі ғалым-жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қойшығара Салғараның қазақ хандығы мен оның негізін қалаған ТҰҢҒЫШТАР Керей мен Жәнібек хандар жайындағы ой-пікірін тыңдай аласыздар!

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Алмас Байдрахманов.