«Елең-алаң» романы
Жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының негізгі тақырыбы — қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі. Ал негізгі идеясы — ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.
Романда қазақ халқының Ресейге қосылғаннан кейінгі өмірі суреттеледі. Қазақтар сабылып, ақ патшаға табынып Петербургке барады. Ресейге бодан болып қосылған қазақтарды билеп-төстеу үшін Орынбор экспедициясы құрылып, қазақ жеріне келіп табан тірейді. Патшалық билеу әкімшілігі Ор өзені бойында бекініс-қала салады. Орынбор экспедициясының алғашқы бастығы Кирилов, кейінгі бастығы Татищев, патша генералы Румянцев сияқты отарлау аппаратының басшыларының ойлары мен нақты іс-әрекеттері арқылы орыс-қазақ қарым-қатынасының саяси және әлеуметтік мазмұны ашылады.
Бүгін «Көкжек» хабарында жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының жалғасын тыңдай аласыздар.
Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.