Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жиренше шешен

Жиренше шешен

Жиренше – 14-15 ғасырлардағы аты аңызға айналған дала данышпаны. Түгел сөздің төркінін айта білген шешен. Жиренше тарихи тұлға. Алайда, өмірбаяндық деректері айқын болғанымен, от ауызды, орақ тілді шешен көп айтыла бермейді. Өйткені, көпшілік есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Жиреншеге әпсаналық кейіпкер ретінде қарайды.   

Жиреншенің шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді.

Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен Қазақ хандығын құруда көп еңбек сіңірген. Тақтағыларға пайдалы кеңестер айтып, үнемі бұқараның сөзін сөйлеген. Жалпы Жиреншенің атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың біразы 15-16 ғасырлардан басталатын халық шығармасына айналып кеткен.

Өзге түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз әңгімелер кездеседі. Жиренше туралы әңгімелерді негізінен үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді. Екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.

Толығырақ «Дала фольклорының антологиясы» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Жанат жанұзақ.