Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балаға ақшаны дұрыс жұмсауды қалай үйретеміз?

Балаға ақшаны дұрыс жұмсауды қалай үйретеміз?

Бала ақша туралы не білуі керек? Қаржылық сауаттылыққа қай жасынан бастап бейімдеген дұрыс? Қазақ радиосындағы «Керек дерек» хабарының кезекті саны осы тақырыпқа арналды. 

Бала 2-3 жасқа толғанда ақшаға назар аудара бастайды. Әлбетте, оның құнын білмесе де, үлкендердің ұстайтынын көріп, қызығады. Тиындармен ойнайды. Алайда, бала бұл кезде ақшаның сомасын емес, жалпы санын ғана есептей алады. Мысалы, «менде барлығы 500 теңге бар» деп емес, «менде барлығы 10 тиын бар» деп ұғады.

Бала 5-6 жасқа келгенде оның «жеке» ақшасы бола бастайды: ата-әжесі туған күніне 1000 теңге, анасы балмұздақ алуға 200 теңге, әкесі «бес» алғаны үшін 500 теңге береді… Осылайша, жыл өткен сайын балаға берілетін ақшаның сомасы да көбейе береді. Бірақ, оған ақшаның не екенін, оны дұрыс жұмсауды түсіндірмесе, қаржылық сауаты жоқ болып өседі.

Көптеген ата-ана отбасының бюджетін жоспарлаған кезде балаларын араластырмайды. Ал мұндай жағдайда бала үйге ақшаның қалай келіп жатқанын, оның қайда жұмсалатынынан хабарсыз. Көбінесе осындай отбасынан бір көргенін «алып бер» деп қиғылық салатын бала өсіп шығады.

Ал кішкентай кезінен ақшаның қалай келетінін, оның құнын, жинау және жұмсау жолдарын біліп өскен бала өскенде жаман болмайды. Ақшаның қадірін түсінетін, үнемнің не екенін, сауда жасауды біледі. Ол үшін ақша айналымы туралы күрделі терминдерді айтудың қажеті жоқ, әр жастағы балаға әртүрлі түсіндіру керек.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.