Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отты жылдар жырлары

Отты жылдар жырлары

1965 жылы Қазақ радиосы Жеңістің 20 жылдығына орай арнайы хабарларлар ұйымдастырады. Сол хабарлардың бірінде Сырбай Мәуленов, Сәду Машақов және Тұманбай Молдағалиев өз өлеңдерін оқыған екен.

Сырбай Мәуленов отан соғысына қатысқан майдангер-қаламгер. Жеңістің 20 жылдыған арналған хабарда Сырағаң соғыс жылдарынан естелік айтып, бірнеше өлеңін оқып беріпті. Бұл өлеңдер сұрапыл соғыс жылдарына арналған.

Ақын Сәду Машақов та қанды қырғынды өз көзімен көрген қаламгер. Ол Отан соғысы жылдары Калинин майданында шығып тұрған «Алға жауға қарсы» газетінің редакторы болды. 1944-1945 жылдары Кеңес әскері саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған. Жеңістің 20 жылдығана арналған хабарда Сәди Машақов та өлең оқыған.

Ал ақын Тұманбай Молдағалиев өзі соғыста болмағанымен, осы тақырыпқа бірнеше жыр жазды. Әсіресе, оның өлеңдері тылдағы өмірді аша түсетін-ді.

Ақындардың дауыстары Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды. Бұл дауыстар үнтаспаға 1965 жылы жазылыпты.Толығырақ сағат 15:10-да Қазақ радиосының «Дәуір үні» хабарынан тыңдай аласыздар.

«Дәуір үні» хабарының редакторы: Жанат Жанұзақ. Мәтінін оқыған: Әбдірәлі Бөлебай. Әуенмен әрлеген: Гүлжанат Байшотқызы.