Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қаз дауысты Қазыбек

Қаз дауысты Қазыбек

Қазақтың асқаралы, қиялы кең қиыр даласында көгінен күн шығып, оңынан айы туып, көшіп-қонып жүрсе де іргелі ел болғанын көне тарихтың өзі куә. Тіршілік тынысындағы ту көтеріп, жолын ұстанып, бағыт-бағдар беретін ата мұра жарғылары сол даланың қуат-құдіретін, өз үнін, ұлысты өрісін, ұлағатты мәртебесінен танытып жатады. «Ей, халайық!» - деп жар салып, үн тастаған қасиеті де, қадірменді жандарға барша жұрт құлақ салған ғой. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітімдеген, халық мұңын қара нардай көтерген шешен-билер үні сол даланың заңы да, өмірлік үні де болғаны аян. 

Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен.

Қаз дауысты Қазыбек би туралы арнайы шығарылымды «Дала фольклорының антологиясы» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Жанат Жанұзақ. Мәтінін оқыған Әбдірәлі Бөлебай. Әуенмен әрлеген Халық Ризабек.