Қазақстан мен әлемдегі сиыр етінің бағасы салыстырылды - рейтинг жарияланды
Қазақстан мен әлемдегі сиыр етінің бағасы салыстырылды - рейтинг жарияланды
5 мамырда жаңартылған рейтингке 101 ел қатысты. Қазақстан бір келі сиыр еті үшін 8,72 доллар (4 050 теңге) көрсеткішімен 82-орынға ие болды. Сонымен қатар Қазақстандағы ет бағасы посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердің көбіне қарағанда, мәселен Ресейге (10,93 доллар), Өзбекстанға (10,86 доллар) және Беларуське (9,25 доллар) қарағанда арзан болып шықты.

Сервис мәліметтері бойынша, ең қымбат сиыр еті Швейцарияда (45,58 доллар), Норвегияда (32,89 доллар) және Люксембургте (27,65 доллар) сатылады. Жалпы алғанда, дамыған елдердің көбінде ет Қазақстанға қарағанда 3-4 есе қымбат. Рейтингтің алғашқы 15 сатысында сиыр еті 20 доллардан асатын елдер орналасқан. Олардың қатарында бірқатар Еуропа елі (Германия, Швеция, Франция, Финляндия, Австрия, Италия, Бельгия және басқалары), сондай-ақ Израиль, Оңтүстік Корея және Сингапур бар.
Рейтингке сәйкес, сиыр еті Пәкістан (4,68 доллар), Нигерия (4,73 доллар) және Кения (5,23 доллар) тұрғындары үшін ең арзанға түседі.
Фото: Болат Айтмолда