Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балалар кітабының таныстырылымы өтеді

Балалар кітабының таныстырылымы өтеді

Азия мәдениетін зерттеу институты (Кванджу, Оңтүстік Корея) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2019 жылдың 20 шілдесінде Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада жас жазушы Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» кітаптарының таныстырылымын өткізеді.  

Таныстырылым кешіне белгілі жазушы Дулат Исабеков, Зейнеп Ахметова, Корей Республикасының Қазақстандағы бас консулы Джон Сын Мин қатысады деп жоспарланып отыр. Таныстырылым барысында Азия мәдениетін зерттеу институтының жанындағы театр «Жыл қалай басталады» ертегісін сахналап, балаларға кітаптар мен сыйлықтар ұсынады.

Ақпарат үшін:  


Мейіржан Жылқыбай – Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласының тумасы. Алматы технология университетінің «Инжиниринг және ақпарат технологиялары» факультетін тәмәмдаған. 2008 жылы «Тауға саяхат» әңгімелер топтамасы Дулат Исабековтің алғысөзімен жарық көрді. 2011 жылы «Қырық бірінші өтіріктің соңы» туындысы үшін халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауында ынталандыру сыйлығын, 2015 жылы «Саяқ» әңгімесі үшін 2-орын иеленді. 2017 жылы «Батыр қоян» ертегісі Оңтүстік Корея елінде үш тілге аударылып, басылып шықты.