Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайнаған судың пайдасы мен зияны қандай?

Қайнаған судың пайдасы мен зияны қандай?

Қандай ауызсу ішіп жүрміз? Ауызсуды бірнеше рет қайнатып ішу пайдалы ма, зиян ба? Ауызсуды қайнатқаннан кейін ыдыста неге қақ түзіледі? Осы және басқа да сауалдарға жауап таптық. 

Суды неге екі рет қайнатуға болмайды?

Суды құрамындағы бактериялардан тазарту мақсатында қайнатып ішеміз. Бірақ ондағы А гепатиті вирусы су қанша қайнаса да, жойылмайды. Сонымен қатар, ботулизм бактериясы суды бес сағат қайнатқанда ғана өледі. Ал біз ауызсуды бес сағат бойы қайната алмаймыз. Бұл кезде су буға айналады, - дейді диетологтар.

Суды қайнатқанда ол қатты күйінен жұмсарады. Бірақ оны екінші рет қолданбаған дұрыс. Қайнаған суды жарты сағат өткеннен кейін ішуге болмайды. Себебі, ішіне микроб түседі. Суды пайда болған микробтан тазарту үшін оны қайтадан қайнатып, ішпеңіз. Бұл жағдайда ол құрамындағы магний, кальций сияқты элементтерден және пайдалы дәрумендерден арылады. Екі қайнаған су адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан әр ыстық судан кейін шәйнекті міндетті түрде жуғаныңыз абзал.

Суды тек 90 градусқа дейін, яғни толық қайнатпай қолдану керек. Су қатты қайнағанда оның барлық пайдалы дәрумені жоғалады. Егер таңертең ашқарынға 90 градусқа дейін қайнаған су ішсеңіз, ағзаңыздан түні бойы бөлінген қалдықтар шығады. Бұл нәрсені әдетке айналдырсаңыз, метаболизмнің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Үйде фильтр болса, суды тазартып ішкен дұрыс. Cу 90 градуста өлі су саналады. Қайнаған суды басқа ыдысқа құйып, тұндырып, ішіне күміс салып қойса, ол қайта өңделгендей күйде болады. Кран суын да осындай тәсілмен ішуге болады, - дейді мамандар.

Толық ақпаратты хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз. 

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.