Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Театр саласында қордаланған мәселелер Министрлік назарында

Театр саласында қордаланған мәселелер Министрлік назарында

Қазақ театры мен кино өнерінің жаңалықтарын сүйіншілеп, мәселелері болса талқылап, жүзеге асуына өз үлесін қосып отырған «Өнер алаңы» хабарының бүгінгі қонағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Мырзашева Гүлнафис Советханқызы.

Гүлнафис Советханқызын Қазақстандағы театрсүйер қауым жақсы біледі. Барлық театрлардың мұң-мұқтажы мен жетістіктерін министрлікке жеткізіп, жүзеге асуына ықпал етіп келе жатқан алтын көпір десек те болады. Хабарда Гүлнафис Советханқызы төмендегідей сұрақтарға жауап берді. 

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын - еліміздің сан-саласындағы қордаланған мәселелерді шешудің бағытын айқындаған тың бағдарламалық құжат деп қабылдадық. Мемлекеттің салиқалы бұл қолдауы қазақ руханиятының жаңа деңгейге көтерілуіне тың серпін берері анық. Осы тұрғыдан министрлікте нақты қандай жобалар жасалуда? Өз салаңызда? 
  • Өңірлердегі театрлар өз облысының әкімдігіне қарайды. Неге? Министрлікке қарамайтындықтан көптеген театрлар бір сарынға түсіп алған сыңайлы. Өз облысын, қаласын, сол жерді танымал адамдарын ұлықтайтын бір реттік қойылымдарды жергілікті жазушылар жазып сахналай беретіні жасырын емес. Көрермен талғамы бұзылмай ма? 
  • Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясында грим мамандылығы оқытылады. В.Щербаков деген мықты ұстаз өз мектебін қалыптастырған. Бірақ, соңғы жылдары байқағаным, 1-2 айлық визаж курстарын бітірген қыздар үлкен киноларға атсалысып жүр. Театрдың гримі бөлек, кинонікі бөлек емес пе? Кейбір киноларда тіпті, театрға арналған грим жағып шыққандарды да байқаймыз. Неге кинотүсірушілер осындай өрескел қателік жібереді? 
  • Хабарымызға қатысып жүрген театр мамандары Қазақстанда өтетін театр фестивальдері көңілжықпастық, құлағанды демеп, үзілгенді жалғап жіберетіндей пейілмен жасалады, шын жүйріктер фестивалде анықталмайды,- дейді. Бұл пікір шындыққа жанаса ма? 
  • Елордамыздағы Ұлттық Өнер Университетінде жылына театр актерлары оқитын екі топ  қабылданады. Ал қуыршақ театрының актері 4 жылда бір қабылданады. Өзі де өте қиын өнер түріне үнемі актер жетіспейтінін білеміз. Бұл тым аз емес пе? Саусақпен санарлық бала оқып шықса, бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ете алмаймыз ғой. 

Сұхабатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың жүргізушісі:Толқын Сұлтан.