Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыға айтыстың жұлдызы болсам деп келдім – Төреғали Төреәлі

Алматыға айтыстың жұлдызы болсам деп келдім – Төреғали Төреәлі

Қазақ радиосының «Түнгі толқын» бағдарламасында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі қонақта болды. 

Әнші бағдарлама барысында өзінің айтыскер ақын болуды армандағаны жайлы, сондай-ақ, халыққа Төреғали Төреәлі деген атпен қалай танылғаны туралы қызықты естелігімен бөлісті.

«Алматыға айтыстың жұлдызы болсам деп армандап келдім. Бар мақсатым –Жүрсін ағам бір рет болса да өзінің дауысымен «Төреғали Әлиханов» деп хабарласа деп армандадым. Айнаға қарап, солай армандай беретінмін. Әкемнің шапанын киіп, солақай домбыраны ұстап алып, арман қуып Алматыға келдім. Айтыста болған бір қызық жәйіт есіме түсіп отыр. Сахнада екі ақын айтысып отыр еді. Келесі де мені хабарлау керек болатын. Жүрсін ағамның алдындағы қағазда негізі Әлиханов Төреғали деп жазулы тұрған. Көкем отырды да аяқасты насыбай атып жіберді. Сөйтіп қағазға қарады да «Келесі сахнаға шығатын Төреғали Төреәліұлы» деп хабарлап жіберді. Жүрсін ағамның аузы дуалы ғой! Сол айтыста  әкем атымен әдемі үйлестіріп, сондай жарасымды ат қойып, халыққа танытты»,- деді Төреғали Төреәлі.

Сұхбатты толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан Таланат Арынғали.