Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жыр-құлагеріне 125 жыл

Жыр-құлагеріне 125 жыл

Биыл «Құлагер» ақын Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толды.  

Ілияс Жансүгіров – «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ Сәкен мен Ілияс, Бейімбет үшеуін «Үш бәйтерек» деп бөле-жармай, тұтас атаған, төбесіне көтерген. Поэзиясы арқылы оқырманның қиялына қанат бітірген. Шығармашылығында гуманистік адамгершілік идеясын, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған. Күні кеше Жетісу өңірінде ақынға ас беріліп, ғылыми-практикалық конференция өтіп, Алматы облысы, Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентінде Ілияс ескерткіші бой көтерді.  

1894 жылдың 5 мамырында дүниеге келген Ілияс ақын алғашында өз әкесінен және ауыл молдасынан сауат ашады. Есейе келе Тәшкендегі екі жылдық мұғалімдер курсында сабақ алып, туған ауылында бала оқытады, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. Басқасын айтпағанның өзінде 1934 жылы ҚЖО алғашқы төрағасы болып сайланады. Небары 44 жас ғұмырында барлық салада қызмет етті. Алайда, ақынды осы күнге дейін тонық-танып білдік пе? Ілияс танушы ф.ғ.д Мұратбек Иманғазинов бұл туралы не деді? Толығырақ Ілияс Жансүгіров жайлы «Арнайы хабардың» аудионұсқасына.

Хабарды дайындап жүргізген Бақыт Жағырпарұлы.