Армения, Қырғызстан, Ресей көліктерінің мәселесі 1 қаңтардан бастап реттелуі мүмкін (ҚАЗ / РУС)
Армения, Қырғызстан, Ресей көліктерін 1 қаңтардан бастап тұрақты тіркеуге қою міндеттелуі мүмкін. Қазір көлік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу жұмысы қолға алынған. Бұл туралы Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі хабарлады. Көлік тасымалы туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған депутаттардың бірі Павел Казанцев кедергілердің барлығы жойылды, енді бұл мәселені реттеуге болады деген пікір айтқан. Айта кету керек, бір топ Мәжіліс депутаты бұл мәселені бұған дейін де реттемек болған. Атап айтсақ, жыл басында «Көлік тасымалы туралы» заңға өзгерістер мен тоқытырулар енгізілдді. Алайда ол кезде шетелден келетін көліктерге қатысты нормада депутаттар мен мемлекеттік органдар ортақ ұстанымға келе алмаған.
«Ол кезде бізде күш-құрылым органдары мен мемлекеттік мекемелердің және арнайы қызметтердің базасын сәйкестендіру мүмкіндігі болмады. Қазір бұл мәселе шешілді, яғни база сәйкестендірілді. Енді біз сырттан заңды түрде көлік алып келіп жүрген азаматтардың құқығын бұзбастан жаңа тәртіпті ақырындап енгізе аламыз»,- дейді депутат Павел Казанцев.
Парламент Мәжілісі депутатының айтуынша елге кірген шетелдік көліктерді міндетті тіркеудің мерзімі 10 күн болып бекуі мүмкін. Осы және өзге де жаңашылдықтар заңға биыл енеді деп жоспарланған. Демек 1 қаңтардан бастап шетелдік көліктерге қатысты нақты құқықтық тетіктер жұмыс істей бастайды.
«Бұған дейін талқыға түскен нормалардың мазмұны аздап өзгерді. Қараша айында заңға өзгеріс енгізу бастамасын көтереміз. Олар қабылданса 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ол бойынша тіркеу бірден жүзеге асады, яғни келген көлік құқықтық тұрғыдан реттеледі. Ал тұрақты тіркеу 10 күннің ішінде рәсімделуі керек деген бастама талқылануда. Бірақ мұның барлығы әзірге талқыланып жатқан мәселелер»,-дейді Павел Казанцев.
Авто из Армении, Киргизии и РФ уже с нового года могут обязать ставить на постоянный учет
Авто из Армении, Киргизии и РФ уже с нового года могут обязать ставить на постоянный учет. Сейчас в усиленном режиме прорабатываются поправки в законодательство, касающееся транспортной сферы. Об этом сообщает Новостная служба «Қазақ радиолары». Как сообщил один из инициаторов данных поправок депутат Мажилиса Парламента РК Павел Казанцев, преграды, существовавшие ранее для этих изменений, уже устранены. Напомним, группа депутатов в этом году уже хотела легализовать учет и регистрацию иностранных автомобилей в рамках закона "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам транспорта". К сожалению, тогда депутаты и государственные органы не пришли к единому решению.
«У нас тогда не было возможности синхронизировать базу данных силовых, государственных и специальных структур. Сейчас у нас этот вопрос решился, т. е базы синхронизированы. Сейчас мы не обижая добропорядочных граждан можем проводить регистрацию, поэтому сейчас плавно можно этот процесс запускать» - сказал Павел Казанцев.
Вместе с тем, мажилисмен отметил, что срок обязательной регистрации авто с иностранными номерами предположительно составит 10 дней, а сами поправки возможно вступят в силу уже с нового года. Но данный вопрос ещё на обсуждении.
«Ранее обсуждаемую модель мы сейчас видоизменили и надеюсь, что уже буквально в ноябре месяце будем уже инициировать эти поправки, чтобы с 1 января они начали работать. Регистрация будет проводиться сразу, чтобы люди уже были в правовом поле. Сейчас это будет учет постоянный по истечении 10 дней. Опять же это ещё пока обсуждается» - отметил мажилисмен.