↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жапонияда Азия ойындары аяқталды

Жапонияда Азия ойындары аяқталды

Жапонияда Азия ойындары аяқталды

Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасы жарысты 84 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанатты рәсім Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтті. Азия ойындарының жабылу салтанатында Қазақстанның туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.
Азия ойындарына 45 елден 11 мыңға жуық спортшы қатысты. Олар 469 медаль сарапқа салды.
Қазақстан атынан 35 спорт түрінен 558 спортшы бақ сынады. Құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль бар.
Азия ойындары Жапонияда үшінші рет өтті. Бұған дейін ел бұл жарысты 1958 жылы Токиода, ал 1994 жылы Хиросимада қабылдаған.
Келесі жазғы Азия ойындары 2030 жылғы 4-19 қараша аралығында Дохада өтеді. Бұл Қатардың Азия ойындарын екінші рет қабылдауы болмақ.

Фото: olympic.kz