Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

20 жылдық би ғұмыр: «Наз» би театры мерейтойын атап өтпек

Осы аптада «Шалқар шаңырағының» тікелей эфир шымылдығы мемлекеттік «Наз» би театрының директоры, белгілі театр және кино актеры Сраилов Сұлан Оңғарұлының тікелей эфирдегі сұхбатымен басталды.  

«Наз» театрына биыл 20 жыл. 29 қазанда ұжым «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтойлық кешін өткізбек. 1 сағат 45 минутқа жоспарланған кеште қазақтың ұлттық билерімен бірге хореграфиялық үзінділер де көрсетілмек.

Сондай-ақ биыл жыл басында театр «Би – сезімнің поэзиясы» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастырған еді. Мерекелік концертте байқаудың қорытындысы белгілі болмақ.

Бағдарлама барысында Сұлтан Сраилов басшылықтан бөлек, өз шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Жақында бес сериядан тұратын қысқаметражды фильмнің екеуін түсіріп үлгергендігін де айтты.

Сонымен қатар елімздегі ресми 54 театрдың саханасында міндетті түрде бір спектакль болса да сахналауға тырысатындығын жеткізді.

Бағдарламаның жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбаттың толық нұсқасы Шалқар радиосының сайтынан тыңдап, фейсбук және ютуб желілерінен көре аласыздар!

Аудионұсқа:

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1037946