Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Солтүстікке қоныс аударатындарға 400-ден астам үй салынып жатыр (ҚАЗ/РУС)

Солтүстікке қоныс аударатындарға 400-ден астам үй салынып жатыр (ҚАЗ/РУС)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға Солтүстік Қазақстан облысына биылға 428 үй салуға 3 миллиард теңге бөлінген. Қоныс аударатындар Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары. Бұл туралы Қазақ радиосының Жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Бұл қаржыға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсріепов ауданындағы 7 ауылда жалпы құны 273 миллион теңге болатын 39 үй салынып жатыр. Баспананың ауданы 70 -90 шаршы метр, оны бес жылдан кейін жекешелендіру құқығы беріледі. Оңтүстік облыстардан Ғабит Мүсірепов ауданына жыл басынан бері 130 адам немесе 40 отбасы қоныс аударған. Оның 43-і немесе 9 отбасы елордадан көшіп барған. Қоныс аударуға ниет білдіргендердің 1 жылдан кем емес тұрақты тіркеуі және кемінде екі баласы боулы қажет. 

Теріскейге қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары көзделген. Ол көшіп-қонуға материалдық көмек, үй жалдауға кететін шығындар мен коммуналдық қызметтерді өтеп беру және қажетінше қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жолдама беру де қарастырылған. Сондай-ақ кәсіп ашамын деушілерге немесе жұмысқа тұрғысы келгендерге де қолдау көрсетіледі. Мысалы аталған бағдарламаға қатысушыларға, яғни қоныс аударушыларға 35 АЭК көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі. Яғни көшіп келгеннен кейін отағасы мен әрбір отбасы мүшесіне 88 375 теңгеден төленеді. Қазір көшіп келем деушілерден өтініш қабылдау жұмысы жалғасуда.


Свыше 400 домов строят для переселенцев в СКО.

В рамках Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Енбек» осуществляется межрегиональное переселение из трудоизбыточных областей (Алматинская, Жамбылская, Мангистауская, Туркестанская, Кызылординская), городов Нур-Султан и Шымкент, сообщает служба новостей Қазақрадиолары.

В текущем году по этой программе Северо-Казахстанской области выделили 3 млрд тенге для строительства 428 домов для переселенцев.

Например, в районе Габита Мусрепова строят 39 домов в семи населенных пунктах, на что выделено 273 миллионов тенге, сообщила директор КГУ «Центр занятости населения акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Юлия Биржанова. Площадь домов составляет от 70 до 90 кв.м, арендная плата от 7 до 9 тысяч тенге с правом приватизации по истечении 5 лет проживания.

С начала года в район имени Габита Мусрепова приехали на постоянное место жительства 130 человек, или 40 семей, в том числе 43 человека или 9 семей из города Нур-Султана. Семьи, желающие переселиться должны иметь постоянную прописку не менее года, а также состав семьи не менее 2-х детей.

Семьям переселенцев оказывается государственная поддержка, которая включает предоставление материальной помощи на переезд, возмещение расходов по найму (аренде) жилья и оплате коммунальных услуг, направление на краткосрочное профессиональное обучение при необходимости, а также содействие в трудоустройстве и развитии предпринимательства на новом месте жительства.

Участникам Программы и членам их семей предоставляется материальная помощь на переезд - единовременно в размере 35 МРП на главу и каждого члена семьи (в 2019 году - 88375 тенге на человека), после их прибытия на новое место жительства.

В настоящее время продолжается прием семей желающих переселиться.