Құрманбек Әлімғазы: Ұлымыз Димаш Құдайбергеннің жанында жүр
Қазақ радиосынан берілетін "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құрманбек пен Ризаның шығармашылығына арналды.
Бірі ағажай Алтай өңірінде, бірі Тарбағатай тауының баурайында дүниеге келген өнерлі жұп: «Көк тудың желбірегені», «Әсем Құлжа бағында», «Айналдым елім», «Жіпті ине», «Аяулы ботакөзім», «Наз», «Алтыннан аяқ», «Тақтада» т.б әндерімен елге танылды.
"Шетелдегі қазақтардың арасындағы ұмытыла бастаған 50-ден астам халық әндерін атажұртқа алып келдім",- дейді әнші Риза Қайырбайқызы. Ал, Құрманбек Әлімғазыұлы: ұлымыз Олжас үмітімізді ақтап, Димаш Құдайберген ағасымен бірге өнер көрсетіп жүр,- деп сыр шертті.
Бағдарлама барысында Құрманбек пен Ризаның әндері шырқалып, тыңдармандар пікірі берілді.
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.
Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан