Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қараңғы түнде тау қалғып...

Қараңғы түнде тау қалғып...

Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін алғаш тыңдағаннан кейін жазушы Герольд Бельгер былай деп жазады: «Даланың беймәлім бір қырынан баяу төніп келе жатқан кеш ымырт бірте-бірте қоюлана түсті. Тоғайды қалың түнек еңсеріп алған. Ауыл түн қойнауына сіңіп барады. Шеткері үйден әуезді әуен баяу қалықтай берді. «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің әрбір дыбысы, әрбір сөзі түннің сабырлы салмаған сипаттап тұрғандай. Түнгі ауылдың үстінде Абайдың ғажайып әуені қалықтайды». 

Ән бойындағы тамаша құбылысты жазушы Герольд Бельгер міне осылай сезінген екен. Екі-ақ шумақтан тұратын өлең жолдары таңғажайып әуен сазымен үндесіп тұрған жоқ па?! Бұл ән тоқсан толғаныстан кейін ғана жазылған Абай шабытының шарықтау шағында дүниеге келгені байқалып тұр. Дала данысшпанының «Қараңғы түнде тау қалғып» атты әні жайлы Кәукен Кенжетаев, Ермек Серкебаев тағы басқа да талантты өнер майталмандары айтып кетті. Олардың ән жайлы сыр-сұхбаттары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған.

«Жүректің көзі ашылса...» хабарына сол сұхбаттар енгізіліп отыр.

Хабардың толық нұсқасын үнтаспадан тыңдай аласыздар.

«Жүректің көзі ашылса...» хабары әр сенбі сайын сағат 14:00-де эфирге шығатын болады.

Редакторы: Жанат Жанұзақ.