Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек
«Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек». Бұл хакім Абайдың аталы сөзі. Расында да иманды-шариғаттың шарты дейтін Ислам зайырлы қоғамның рухани қарауылы. Өйткені, алла назарынан тыс теріс пиғылды ағымдардан келер қатер көп.
Әлемді әбігерге салған осы хақ жолынан тайғандар адам түгілі, алланың хикметін сезбейді емес пе?! Сондықтан да еліміз діни іргешілдіктің ішкі бауына үңіліп, зайырлы қоғамның қуатын арттыруда. Осыған орай Қазақ радиосы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен өзара ынтымақтастық орнатып, жаңа жылдан бастап «Ықылас» хабарын бірлесіп шығаруда. Оның алғашқы эфиріне ҚМДБ-сы төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров қатысып, отбасындағы патриоттық тәрбие мен отанға қызмет ету төңірегінде әңгіме қозғалады.
Хабардың толық нұсқасын үнтаспадан тыңдаңыздар.
Қазақ радиосы мен ҚМДБ-сының бірлескен жобасы – «Ықылас» хабары әр жұма сайын сағат 10:15-те эфирге шығатын болады.
Жүргізушісі Ерболат Сапаров.