Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда тұрғын үй сатылымы айтарлықтай азайды

Қазақстанда тұрғын үй сатылымы айтарлықтай азайды

Қазақстанда тұрғын үй сатылымы айтарлықтай азайды

Мамырда қазақстандықтар 30 420 тұрғын үй сатып алу-сату шартын жасасты. Көп мәміле Астанада (5 122) тіркелді. Ал жалпы сатылым бір айда 13,5 пайызға төмендеген.

2026 жылдың мамырында Қазақстандағы екінші нарықтағы тұрғын үйлер арзандаған. Бір ай ішінде орта есеппен баға 0,6 пайызға төмендеді. Дегенмен жаңа үйлердің бағасынан 0,2 пайыз өсім байқалады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мамырда тұрғын үйге деген сұраныс айтарлықтай – 13,5 пайызға азайды. Тұрғындар бір ай ішінде 30 420 сатып алу-сату шартын жасасқан. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, сәуірдегі көрсеткіш – 35 154.
Қазақстандықтар көбінесе тұрғын үйді қай қалада сатып алды
Астана сатылым бойынша көш бастады, мұнда 5122 шарт жасалған. Одан кейін Алматы (4925), ал үшінші орында Қарағанды облысы (2630 ) тұр. Ең аз сатылым Ұлытау облысында тіркелді, онда тек 261 ғана шарт жасалған.
Айта кетерлігі, Алматыдағы қазіргі көрсеткіш сәуірмен салыстырғанда бірден 24,2 пайызға төмендеген.
Қазақстандықтар қандай тұрғын үйді таңдаған
Қазақстан тұрғындары көбінесе пәтер сатып алған, оның үлесі –23 381 мәміле немесе жалпы сатылымның 76,9 пайызы. Жеке үйлер бойынша 7 039 мәміле тіркелген.
Қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие тұрғын үйлер екі бөлмелі пәтерлер болып отыр, мұндай 8 681 мәміле тіркелді.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков