Ай қараңғы,таң жарық

Ай қараңғы,таң жарық
Ай болмаса аспанда адасады, жансәулем,
Көтермесе көңілді кір басады, Қорлаш-ай.
Жақсылардың кеудесі алтын садық, жансәулем,
Кілт болмаса сандықты кім ашады, Қорлаш-ай.
Қ/с
Ай қараңғы, таң жарық,
Таңда бұлбұл сайрашы-ай.
Өлең де - өнер жігітке, өнер де - өнер, жансәулем,
Өрге шапса шын жүйрік өршеленер, Қорлаш-ай.
Осындайда құрбылар күл де ойна, жансәулем.
Жанып тұрған шырағың бір күн сөнер, Қорлаш-ай.
Қ/с
Ай қараңғы, таң жарық,
Таңда бұлбұл сайрашы-ай.
Ай нұрланар аспанда толған сайын, жансәулем
Не демейді кей адам болған сайын, Қорлаш-ай.
Ашу пышақ болғанда, ақыл таяқ, жансәулем,
Таусылмай ма таяғың жонған сайын, Қорлаш-ай.
Қ/с
Ай қараңғы, кеш жарық,
Ей құрбылар, ойнашы-ай.