Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылмақ

Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылмақ

Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылмақ

Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды
Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс.
Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр. Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу.
Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады. Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда қоғамдық палаталар институты кеңінен дамыған. Дәл осындай бірлестіктер азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып, қоғамның нақты сұраныстары мен ұстанымдарын нақты көрсететін маңызды индикаторға айналып отыр.Осыған байланысты Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғылыми қауымдастықпен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей диалог жүргізетін тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс, –  дейді Құрылтай депутаты Айдос Сарым.

Фото: baq.kz