Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 13.02.2020 (15:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 13.02.2020 (15:00)

Ақпанның 14 күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақ радиосының Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында хабарлады. «Сапар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі», - деді Берік Уәли.

***

Былтыр Алматыда үш мыңға жуық отбасы баспаналы болған. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мәлімдеді. Оның сөзінше бүгінгі таңда 25 мың алматылық тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 10 мыңға жуығы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болса, 11 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жатады.

***

Биыл қазан айында елімізде Ұлттық халық санағы өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Ал, Екінші, яғни негізгі кезең қазанның 1-30 күндері аралығында өтеді. Ұлттық экономика минстрлігі Статистика комитетінің Төрағасы Нұрболат Айдапкелов халық санағын өткізудің мақсаты мен басты себептерін атады.

***

Үндістанның Лакхнау қаласында сот ғимаратында жарылыс болып, үш адам жарақат алды. Ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреу сот ғимаратына қолдан жасалған бомба лақтырған. Полиция оқиға орнынан жарыла қоймаған үш снаряд тапты. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз деп жазады The Times of India басылымы.

***

Ақпанның 17 күні ел астанасындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ауған соғысының ардагері, батыр «Қара майор» Борис Керімбаевты еске алуға арналған және аталаған универистет ректорының жүлдесі үшін бокстан студенттер арасындағы III-Республикалық турнир өтеді. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Орал, ресейдің Омбы қалаларынан командалар қатысады. Дода ақпанның 20 –ына дейін жалғасады.

***

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша валюта бағамы:

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 376 теңге 14 тиын

ЕУРО: 415 теңге 79 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 97 тиын