Көкшетауда 17 көшеге танымал тұлға есімдері беріледі (Қаз/Рус)

Көкшетауда 17 көшеге танымал тұлға есімдері беріледі (Қаз/Рус)

Көкшетау қаласында 17 көше ұлтымызға танымал тұлғалардың есімдерімен аталатын болады.

Бұл туралы «Qazaq radiolary» ЖШС Жаңалықтар қызметі хабарлады. Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақованың айтуынша, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Көкшетау қаласының бірқатар көшелеріне Қасым Қайсенов, Әміре Қашаубаев, Талғат Бигельдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Мұстафа Шоқай, Кәкімбек Салықов, Тұрсынбек Кәкішев, Рақымжан Қошқарбаев, Ермек Серкебаев, Нұр,иса Тілендиев, Әлкей Марғұлан, Шәмші Қалдаяқов, Халифа Алтай, Сәбит Мұқанов, Еркеш Ибрагим, Әлия Молдағұлова, Ағыбай батыр есімдері беріледі. Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша бұл мәселе Ақмола облыстық мәслихатта қаралады. Шешім шыққаннан кейін әділет органдарында тіркеледі. Одан кейін 17 көше жаңа атауға ие болады.

Жалпы Ақмола облысында 228 елді мекен мен 491 көшенің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген. Оларды қайта атауға байланысты ғылыми деректерге сүйене отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. 

В Кокшетау 17 улиц будут названы в честь знаменитых личностей нашего народа.

Об этом сообщает служба новостей ТОО «Qazaq radiolary». По словам руководителя отдела областного Управления по развитию языков Айгуль Талпаковой, по результатам Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан, по состоянию на 26 декабря 2019 года ряд улиц в Кокшетау был назван именами Касыма Кайсенова, Амре Кашаубаева, Талгата Бигельдинова, Сагадата Нурмагамбетова, Мустафы Шокая, Какимбека Салыкова, Турсынбека Какишева, Рахимжана Кошкарбаева, Ермека Серкебаева, Нургисы Тлендиева, Алкея Маргулана, Шамши Калдаякова, Халифа Алтая, Сабита Муканова, Еркеша Ибрагима, Алии Молдагуловой и Агыбай батыра. Этот вопрос будет рассмотрен в Акмолинском областном маслихате по итогам республиканской ономастической комиссии. После принятия решения, он будет передан в соответствующие органы. После всех этих действий 17 улиц получат новое название.

Всего в Акмолинской области насчитывается 228 населенных пунктов и 491 улица, чьи названия, идеологически устарели. Для их переименования на основании научных данных, будет проведена разъяснительная работа.