Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алдағы 5 жылда қазақ киносы «Оскар» алады – Зейнет Тұрарбекқызы

«FILMFAN» хабарында қонақта Стамбул университетінің түлегі, кинотанушы Зейнет Тұрарбекқызы болды.


Сұхбат барысында 2019 жылды қорытындылаған «Оскар», «БАФТА», «Алтын глобус» және «Канн кинофестивалі» атаулы шаралардың жеңімпаз фильмдері жайында айтылды. Және де Англиядағы Куин Мери Университетінің түлегі, кинотанушы Әсия Бақдәулетқызы, сонау Лондоннан телефон арқылы хабарласып, биылғы жеңімпаз фильмдер жайында ой өрбітті.

Оскар номинаттары, жеңімпаздары бар, жалпы кино индустрияға қатысы бар деген адамдардың шешімімен жасалатын биылғы шешім 100 пайыз сіздің үдеңізден шықты ма?

Оскардан әр номинация бойынша кім үмітті деген болжамдар қанша уақыт бойы қаншама белді басылымда жарияланып жатты. Қызығы, қай БАҚ болмасын киносарапшылары, сыншылары бұл бұрын алған, алмаған мынау алып қалауы мүмкін деген ойды да айтып отырды. Сол дұрыс па? Егер картина не адам шынымен лайық болса, бірнеше рет Оскар алса да, тағы алуы заңды шығар?

«Лос Анджелес таймстың» ойын критигі Тод Мартенс «Паразиттер» мен «1917» фильмдерін компьютерлік ойын стратегиясымен салыстырып, мықты аналитика жасаған. Оған себеп те жоқ емес. Сэм Мендес ойын тактикасын қолданғанын балаларының компьютерлік ойынынан үшінші жақтан бақылау арқылы біраз ой келгенін айтқан. Сіз не дейсіз?

Оскар марапаты әділ болды ма?

Кинофестивальдер жылда әйел режиссерлердің аздығын тілге тиек етеді. Бір күні әйел режиссер Оскар алады деп ойлайсың ба? Грета Гервигтің «Кішкентай әйелдері» туралы не айтасың?

Осыдан 3 апта бұрын эфирімізге еліміздегі жас кинотанушы, сыншы Ержан Жұмабек келіп, биылғы Оскарды Мартин Скорсезенің «Ирландиялық» фильмі алады деп болжам жасап еді. Бұл туынды туралы не дейсіз?

Бұл фильмнің назарға ілігуі – фильмнің ұзақтығы, яғни 3,5 сағат болуы болды. Басты рөлдегі Роберт Де Нироның өзі де «Әрине, бір демде көріп таста демейміз, ортасына үзіліс жасау фильм үшін қалыпты дүние» деп еді.

Биылғы Оскар болжауы күңгірт дүние екенін аңғартты. Ұлт, тіл тұрғысынан бөлінеді деп сынап жүргендерге Оңтүстік Кореялық «Паразиттер» фильмінің жеңісі күтпеген дүние болды, әрине. Биылғы Оскар кинотанушыларға, киномамандарына не берді, қандай ой қалдырды?

Өзіңіз кинотанушы ретінде 2000 жылдан бергі қазақ киносын зерттеп жүрген ғалым ретінде қай жағынан кері шегініс, қай жағынан ілгері жылжушылық бар? Жанрлық, режиссерлық, сценарий тұрғысынан?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын толығырақ видео және аудионұсқадан біле аласыздар.

Жүргізушілер – Жадыра Жұмакүлбай, Нұртас Нұрғали.