Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аймақ ақпарат 16.02.2020

Аймақ ақпарат 16.02.2020

Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептеледі. Ерікті студенттерге қосымша шәкіртақы беріледі. Сондай-ақ пән кредиттері жабылады. Ал еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесінің ашылуында осылай деді.  

***

Елімізде бүгінде су тасу қаупі бар 322 елді-мекен бар. Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс отырысынан кейін журналистер сауалына жауап берген төменгі палата депутаты Бақытгүл Хаменова айтты.

***

Су тасқынының алдын алу бойынша ақпанның 25-де Үкіметте жиын өтеді. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, Ақмола, ШҚ, Қарағанды, Павлодар облыстарында қар көп. Сондықтан аталған өңірлерде су тасу қаупі жоғары.

***

22 наурызда «Шымкент қаласына ТМД елдерінің мәдени астанасы» мәртебесі беріледі. Қала әкімі Үкімет басшысына сол айтулы оқиғаға әзірлік барысын баяндады. Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткіді. Жиында қаланы сумен, электрмен және газбен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік инфрақұрылымын тарту мәселелері талқыланды.

***

Биылғы ақпанның 7-і мен 13-і аралығында Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе бақылау-өткізу бекеттері арқылы Қырғыз Республикасына барлығы 23 131 адам өтіп, 21 261-ы кірген. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Сортөбе ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мобильді Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылған. Мүлкі зардап шеккен азаматтарға жалпы 3,9 миллион теңгенің ақшалай көмегі үлестірілген.

***

11 ақпанда Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды. Олардың барлығы Елордадағы арнайы дайындалған ауруханаға жатқызылды. Ал 13 ақпанда 171 қазақстандық елге жеткізілді. Олар Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жатты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

***

Нұр-Сұлтан қаласында Алматы мен Есіл аудандарын байланыстыратын көпір салынады. Бұл жайында қала басшысы Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. «Елордада 400 мыңнан астам көлік бар. Жол кептелісін тудырмас үшін жолдарды кеңейтіп, қосымша жағдай жасау керек. Қабанбай, Мәңгілік ел көшелері мен қаланың ескі бөлігінде үнемі жол кептелісі болады. Осыған орай екі көпірдің құрылыс жұмыстары басталды, енді Тәуелсіздің даңғылында үшінші көпір құрылысы басталады», - дейді Алтай Көлгінов.

***

Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов айтты. Ол «Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінің қиылысында болады.

***

Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының кұрылысы мамыр айында басталады. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлім етті. Әуежайды жаңарту, кайта салу жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр.

***

Ақмола облысына қарасты Аршалы және Целиноград аудандарындағы 20 елді мекенде газ тарату желісінің құрылысы басталды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Сондай-ақ аймақ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту шаралары да қабылдануда. Бұл, әсіресе, елорда маңындағы елді мекендер үшін өте өзекті. Облыс әкімінің айтуынша, биыл тағы 11 ауылда су құбыры тартылады.

***

Биыл Шардара қаласының халқы көгілдір отынның иігілігін көреді. Осыдан 3 жыл бұрын құрылысы басталған 18-ші газ тарату станциясы мемлекеттік қабылдаудан өтті. Қазір қаланың іші мен іргелес жатқан елді мекендерге газ құбыры тартылуда. Нәтижесінде биыл Шардара қаласынан бөлек тағы да 11 елді мекен табиғи газға қосылады деп күтілуде. Бүгінгі күні аудан халқының 17 пайызы, яғни 3 елді мекен ғана табиғи газ көзіне қосылған. Наурыз айында тағы да 6 елді мекенге газ кіреді деп жоспарлануда.

***

«Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырылған 5 жыл ішінде Қарағанды өңірінде 4 мың шақырым күре жол жөнделген. Бұл жайында аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруінде айтты. Оның сөзінше, биыл 1500 шақырым жол жөнделеді, оның 793-і республикалық, қалған 770 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Сондай-ақ, келер жылы "Теміртау-Қарағанды", "Солтүстік-Шығыс айналма жолы" жобалары толығымен аяқталады. "Қарағанды-Балқаш", "Балқаш-Бурылбайтал" бағытындағы жол учаскілері пайдаланылуға беріледі.

***

Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастады. Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 629 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 85 млрд теңгеге көбейді. Өңірде 70 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалық жұмыс істейді. Оның республикадағы үлесі - 35 пайыз.

***

Қазақстанда 2023 жылға дейін киік атуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатында жасалып отыр. Елімізде 2015 жылы 150 мыңнан астам киік қырылған. Сол себепті 2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін киіктерді атуға тыйым салынған еді. Енді бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды.

***

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазір 10 мыңнан астам адамның ақша салғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облыстық полиция департаменті «Голд» қаржы пирамидасына ақша аударып, пайдаға кенелмек болғандардың тізімін жасап жатыр. Олардың шығыны есептеледі. Қылмыстық кодекстің 217-бабы, яғни, «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім орталық мемлекеттік органдардың ішінде топ бестік анықталды. Олар ІІМ, Қаржы, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері. Былтыр әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Алматы, Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелген.

***

Алматыдан Көкшетауға 9 мың теңгеге ұшақпен баруға болады. 12 наурыздан бастап FlyArystan компаниясының 180 орындық Airbus ұшақтары Алматыдан Көкшетауға аптасына 3 рет қатынайды. Ұшу ұзақтығы – 2 сағат.

***

Көкшетау қаласында 17 көшеге қазақққа ортақ тұлғалардың есімдері беріледі. Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шешім шыққаннан кейін, әділет органдарына тіркеледі, - дейді Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова.

***

Жалпы Ақмола облысында 228 елді мекен мен 491 көшенің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген. Оларды қайта атауға байланысты ғылыми деректерге сүйене отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.

***

Жыл соңына дейін 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылады. Тиісті меморандумға қазақстандық мобильді байланыс операторлары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевпен кездесу кезінде қол қойды.

***

Маңғыстау өңірінің дәстүрлі музыкалық мұраларын көпшілікке жеткізуді көздейтін «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» сайты іске қосылды. Туындыларды ән, күй, жыр-терме және жыр күйі деп аталатын төрт бөлімнен көріп, тыңдауға болады. Бұл сайттың бір ерекшелігі, шығармалармен қоса, олардың авторы, орындаушылары туралы толық мәлімет беріледі.

***

Қарағандыда Абайдың 175 жылдығына арналған студенттер айтысы өтеді. 28 ақпанда болатын сөз аламанында қарағандылық университеттерден бөлек, Алматы, Павлодар, Шымкент, Нұр-сұлтан, Қызылорда, Семей қалаларының студенттері де бақ сынайды.

***

«Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы дарынды балаларға биыл да беріледі. Бұл туралы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук мәлім етті. Оның сөзінше, наурыздың 1-8 күндері аралығында байқау үміткерлерін қабылдау кезеңі басталады. 15-22 наурыз аралығында Facebook-те дауыс беру арқылы екінші кезең өтеді. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі мамыр айының басында ұйымдастырылады.

***

Еліміздің үш қаласында 20 ақпан мен 20 наурыз күндері 8-ші Қысқы универсиада өтеді. 20-24 ақпанда Өскеменде қысқы президенттік көпсайыс болады. Керлинг – 26 ақпан мен 7 наурызда Алматыда, 4-9 наурыз күндері Риддерде биатлон мен шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Бұл жарыста топ жарғандар келер жылы Швейцарияның Люцерн қаласында өтетін 30-шы Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға қатысады.