Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (12:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (12:00)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы алқа отырысында ведомства басшысы Біржан Нұрымбетов мәлім етті.Министр бүгінгі таңда Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласындағы маңызды жобаларды іске асыратынын хабарлады. Біріншісі – «Отбасының әлеуметтік картасы», ол Қазақстан халқының 100%-ын, яғни 7 миллион отбасын қамтиды. Әлеуметтік карта әр отбасының қандай өмірлік жағдайда екенін көрсетеді, күрделі немесе дағдарысты жағдайдан шығу үшін жұмыс алгоритмін айқындайды. Сонымен қатар Біржан Нұрымбетов былтыр елімізге 9 мың 990 отбасының қоныс аударғанын айтты.

***

 Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Жиында ол елде бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, өткiзу тәртiбi туралы» заң жөнінде айтты. «1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде. Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген.

***

Шымкентте инвестиция тарту бағытында көңіл қуантарлық істер бар. Екі индустриалды-инновациялық аймақта 72 жобаны жүзеге асыруға 64 млрд теңге инвестиция тартылып, төрт мыңдай адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ тілшіміз Ерсұлтан Әмірбек айтып береді.

***

Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді. Жарыс кезінде ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек жартылай финалда Бразилия өкіліне есе жіберді. Айта кетерлігі, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан қола жүлдені қоржынға салған еді.