Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (15:00)

ЖАҢАЛЫҚТАР 17.02.2020 (15:00)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады. Кездесуде Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлады akorda.kz. Қазақстан Президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың құрылысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді. Президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды.

***

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысын өткізді. Отырыста ведомства басшысы Біржан Нұрымбетов Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының бірқатар тетіктері жетілдірілгенін айтты.

***

Министрлік «Еңбек» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды 660-тан 735 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

***

Мектеп мұғалімдерінің айлығынан ЖОО оқытушыларының жалақысы аз. Осыған байланысты университет оқытушылары мектепке кетіп жатыр. Сол себепті мемлекеттік ЖОО-ларда гранттардың санын артпақ. Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында баяндама жасаған вице-министр Мирас Дәуленов осылай деді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 30 ЖОО-да оқытушылардың айлығы 30 пайызға көтерілген. Десе де олардың орташа жалақысы төмен күйде қалып отыр.

***

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң жобасының тұжырымдамасы Алматы тұрғындарымен талқыланды. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы, профессор Дәулет Байделдінов заң жобасына қатысты пікірін білдірді. Оның сөзінше, Митингілерді қай жерлерде өткізуге болады немесе қай жерде рұқсат жоқ екендігі ашық айтылуы қажет. Митингіге тек үкіметке қарсы бағытталған шара ретінде қарауға болмайды. Сондықтан, бейбіт шерулер мен демонстрацияларды да қарастырған жөн дейді Дәулет Байделдінов.