Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сан бар жерде сапа да бар

«FILMFAN» хабарында қонақта кинотанушы Нәзира Рахманқызы болды. Сұхбат барысында 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында YouTube-те тікелей эфирде «Ұлттық киноның қолдау орталығының» өтіп жатқан питчингі, яғни мемлекет тарапынан киножобаның қаржыландыру үшін қорғаулары жайында толығырақ айтылды. Тікелей эфирге хабарласқан «Ұлттық киноның қолдау орталығы» КЕАҚ Стратегиялық даму бойынша Басқарма төрағасының орынбасары, продюсер Әділбаев Айдархан питчинг жайында сұрақтарға жауап берді. Ал, питчингте киножобасын қорғаған киносценарист, режиссер Мұрат Есжан телефон арқылы байланысқа шығып, мәселенің мән-жайын өз пікірімен толықтырды.


Елімізде екінші рет өткенімен, биыл алғашқы рет YouTube-та тікелей эфирге шыққан питчингтен басталған сұхбат:

  • Қазіргі қазақ киносы;
  • Коммерциялық фильмдер;
  • Кино саласына қатысты кітаптардың тапшылығы;
  • Аталған саланы зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу керек дегенмен, бұл бастаманың әзірге қолдау таппағаны сынды мәселелерді де қамтыды. 

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын толығырақ видео және аудионұсқадан біле аласыздар.

Жүргізушілер – Жадыра Жұмакүлбай, Нұртас Нұрғали.