Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өнерпаз ұстаздар #ÓNERONLINE хэштегімен

Өнерпаз ұстаздар #ÓNERONLINE хэштегімен

Қарусыз майданның батырлары адам жанының арашашысы дәрігерлер тәнімізді аурудан сақтап жатса, жанымыздың емшілері - өнер адамдары. Өнерпаздардың халықтың, әскерлердің рухын көтеру жолында дем бергені тарихтағы қанды соғыстардан да белгілі. Жер жаһанды жаулаған індетпен күрес әр азаматтың міндеті. 

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары өз шаңырақтарында отырып, ұлттық музыка және музыкалық аспаптың тарихымен халықтың көкірек көзін нұрландыруға кірісіп кетті. Әр ұстаз-өнер иесі өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында #ÓNERONLINE хэштегімен дәріс оқып жатыр.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Мақсат Медеубек 25-наурызда «Қобыз – Қорқыттан қалған аңыз» , 26-наурызда Бауыржан Бекмұханбеттің «Жетісудың оңтүстік шығысындағы күйшілік дәстүрі» тақырыбындағы лекция- концерттері өтті.

Бүгін 27-наурызда «Халық музыкасы» факультетінің деканы, PhD докторы Ержан Жәмеңкеевтің «Қазақтың домбырадағы әзіл күйлері" тақырыбындағы дәрісімен сағат 18.00-де тікелей эфирге шықпақшы. Бұл үрдіс карантин біткенше жалғаспақ.