Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Соңғы ақпарат бойынша Елімізде коронавирустан 14 адам жазылып шықты. Оның 12-і Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі Алматыда. Бүгін шыққан ақпарат бойынша Жалпы вирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті. Ең көп адам Нұр-Сұлтан қаласында – 117. Алматыда – 58 науқас тіркелді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

*****

Бүшіг Семей қаласында 2 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғандығы анықталды. Олар 21 наурыз күні Мысырдан келген ерлі-зайыптылар. «Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталды. Қазіргі уақытта ол адамдар дәрігерлердің бақылауында. 6 адамның екеуі карантиндік стационарға, төртеуі арнайы провизорлық стационарға жатқызылған», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

*****

Қызылорда да 1 адам короновирус індетіне шалдыққан. 111 адам медициналық бақылауда. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова айтты. 

*****

Елордада коронавирустан айыққан 10 адам ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады. Оның мәліметінше, коронавирустан айыққандардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Олар бүгін ауруханадан шығарылады. Жазылғандар екі апта үйде оқшауда отырып, дәрігерлердің бақылауында болады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы, правизорлық және карантиндік ауруханаларда 1406 адам жатыр. Оның 105-і – бала. 2 науқастың жадайы ауыр.

*****

Қарағанды облысының барлық ірі сауда орындары мен базарлары жабылды.

Тек азық түлік пен дәріханалардың жұмысы шектелмейді. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл шектеуден ешкім шығындалмау үшін тауарлар мен өзге сауданы онлайн режимге көшіруді ұсынып отыр. Ол үшін мамандар арнайы ІТ платформа әзірлеген. Сондай-ақ кенді өлкедегі 65-тен асқан тұрғындардың көшедегі жүрісін барынша азайту мақсатында азық-түліктер мен қажетті дәрі-дәрмегі үйге жеткізіліп беріледі. Айта ктейік, Қарағандыда қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам бар. Оның барлығы Минск – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары.

Ел астанасында волонтерлердің республикалық фронт-офисі 500 мың медициналық масканы тегін таратты. Маскалар балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. Фронт -офис BIRGEMIZ ұраны аясында 150-ден астам ұйымды біріктіреді. «Бүгінде «Ұлттық волонтерлiк желінің», «Мейірімділер клубының» және «Астана жастарының» волонтерлері «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болды. Бүгіннің өзінде 14 мың маска таратылды. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында үлестіріледі.