Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қор қашан да шаруаға қамқор!

Қор қашан да шаруаға қамқор!

Бүгінгі таңда ауыл кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі қолдаулар бар. Бұл әрине, жеңілдетілген шағын несие беру арқылы ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мүмкіндік беру. Осы арқылы жұмыссыздық деңгейін де төмендетуге болады. Бұл туралы «Аграрлы Қазақстан» хабарының қонағы «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Жандар Омаров хабарлады.

Мекеме басшысының айтуы бойынша, бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау арқылы отандық таза өнім өндіруге де жол ашылады. Мәселен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауылдар мен шағын қала тұрғындарына жеңілдетілген шағын несие беріп келеді. Осының нәтижесінде мыңдаған адам кәсіпкер атанып, жұмыспен қамтылуда. Қордың беретін несиесіның жылдық сыйақы ставкасы 6 пайыздан аспайды, ал көп балалы отбасынан немесе аз қамтылған отбасынан шыққан азаматтар үшін несие 4 пайызбен беріледі. Екі жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де қарастырылған. Қордың бір ерекшелігі – мал шаруашылығын ғана емес, кәсіптің кез келген түрін қаржыландырады.

Бұдан бөлек, ауыл азаматтарының несие алу үшін кепілге қоятын мүлкінің құны жетпесе, кепілдеме беру қызметін де көрсетеді.

Мысалы, кез-келген ауылдағы азамат несие серіктестерінен немесе микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдейтін болса, бірақ кепілге қоятын мүлкі жетпесе Қор ұсынатын кепілдендіру құралын пайдалануға болады. Бұл «Еңбек» бағдарламасының аясында іске асырылады. Мысалы, стартап-жобалар мен істі жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасының 85 %-не дейін, жұмысы жүріп жатқан кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылар үшін несие сомасының 50 %-не дейін, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері үшін несие сомасының 95%-не дейін кепілдендіріледі. Кепілдеме қайтарымсыз негізде беріледі.

Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасы аясында 36 млрд теңгенің несиесін беруді бастап кетті. Қазір өтінімдер қабылдап, несиелерді беру жұмыстары жүріп жатыр. Мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бойынша несие рәсімдейтін ауылдықтар «Еңбек» бағдарламасымен несие ала алады.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиотаспадан тыңдай аласыздар.

Хабардың Жүргізушісі Анас Ахатұлы.


Қазақ радиоларының телеграм каналына жазылыңыздар!