Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Төтенше жағдай өнер ұжымдарын да әуре-сарсаңға салды – Еркебұлан Мүлікұлы

Төтенше жағдай өнер ұжымдарын да әуре-сарсаңға салды – Еркебұлан Мүлікұлы

«Өнер алаңы» хабары карантин кезіндегі өнер ұжымдарының жағдайларын біліп, шығармашылықтары жайлы сұрап қайтқан еді. Бүгінгі кейіпкеріміз – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы. 

Еркебұлан Мүлікұлы: «Әрине, елімізде орын алған төтенше жағдай өнер ұжымдарын да әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Театр ұжымдық жұмыс орны болғандықтан, алға қойған жоспарларымыз тоқтап қалды. Бірақ аз уақыт ішінде жағдайға байланысты тез есімізді жиып, шығармашылыққа бет бұрдық. Әріптестерімізбен ақылдаса отырып, қазақ биінен онлайн-дәрістер өткіздік. Әр сабағымызда қазақ биіндегі қимылдарға тоқтала отырып, тарихын баяндап, көрерменге түсінікті етіп жеткіздік. Бұл дәріс көрермендеріміздің көңілінен шығып, сұраныс артты. Одан кейін «Тұрмыстық билерге» челлендж жасадық. Қоғамдағы болып жатқан жағдайларға өз үнімізді қосып, бірнеше бейнематериал дайындадық. Мұрағаттағы хореографиялық спектакльдерді әлеуметтік желі арқылы қайта ұсындық. Бірнеше онлайн-сұхбаттар бердік.  Ал қазір «Уақыт-Өмір» деген жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектакльдің премьерасына қызу дайындық жүргізудеміз. Бұл қойылымды кезінде бізде қызмет еткен, қазір Санкт-Петербургте білімін ұштап жатқан талантты хореограф Светлана Доминская қойып жатыр. Бұл қойылымда ән де би де болады. Мюзикл жанрында. Светлананың болашағынан зор үміт күтіп отырмыз. Ал қала күніне орай біз қала әкімшілігіне ұсынысымызды тастадық. Бір апта көлемінде, яғни, 1-7 шілде аралығында әр күнді бір би жанрына, оның ішінде әртүрлі бағыттарға арнайтын болдық. Мысалы, вальс, шығыс биі, хип-хоп, көше билері, зумба...т.б. Ал ең соңғы күнді қазақ биіне арнаймыз. Көрермендермен флешмоб жасаймыз. Ал әр күнді бір хореографиялық спектакльдермен түйіндеп отырамыз». 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Сұхбаттасқан Толқын Сұлтан.