Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«ТІЛ КОРПУСЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТЕДІ...»

Siri және Alexa бағдарламалары қазақ тілінде сөйлемек... 

"Нысана" бағдарламасында Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының компьютер инженері, Қазақ тілі корпусы жобаның мүшесі Алмас Болатұлы Мырзахметов қонақта болды.

Назарбаев университетінің «Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект» институтының ғалымдары «сөз тану және сөз синтезі» технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады.

Жаңа бағдарлама жайында студия қонағы Алмас Мырзахметов: «Қазақ тілінің корпусы информациялық технологиялар мен жүйелерді мемлекеттік тілде сөйлетуді мақсат етті. Тіл корпусының негізгі ерекшелігі – аудио және текстік деректер базасын құрып, оны еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін ғылым салаларына негіз беру. Еліміздің әр азаматы Тіл корпусын дамытуға өз үлесін қоса алады. Ол үшін осы https://issai.nu.edu.kz/kzspeechcorpus көрсетілген сілтеме арқылы күн сайын бірнеше сөйлемнен оқып тұрсаңыз жеткілікті»,- дейді.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізуші -редакторы Гүлнұр Омарханқызы.

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдап және видеодан көруге болады.