Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Белгілі ғалым Рабиға Сыздық дүниеден өтті

Белгілі ғалым Рабиға Сыздық дүниеден өтті

Профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сыздық 96 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Сыздықова Рәбиға Сәтіғалиқызы 1924 жылғы тамыз айының 17 күні Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келді.

1931-1938 жж. Орта мектепте оқыды.

1938-1940 жж. Ақтөбе облысының Темір қаласындағы педучилищеде оқыды.

1940-1945 жж. Ақтөбе облысының Алға стансасында бастауыш класс мұғалімі, Темір қаласында орта мектептің мұғалімі, Темір қаласындағы педучилищенің оқытушысы, Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі.

1945 ж. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

1945-1947 жж. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының студенті.

1947-1951 жж. ҚазПИ-де аспирантурада оқыды.

1951-1957 жж. Қазақтың оқу-педагогтік баспасында ("Мектеп", "Рауан") редактор және редакция меңгерушісі болып қызмет істеді.

1957-1961 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері (Осы жылдардан бастап табан аудармай Тіл білімі институтында түрлі дәрежеде қызмет атқарып келеді).

1959 ж. "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1971 ж. "Құрмет Белгісі" орденімен наградталды (21 шілде). - "Абай шығармаларының тілі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады (25 мамыр).

1979 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды (26 сәуір).

1981 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесінің 26 мамырдағы қаулысымен Қазақ КСР-інің Құрметті Алтын кітабына жазылды.

1984 ж. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері кұрметті атағы берілді (25 шілде).

1989 ж. Түркі тілдері мамандығы бойынша профессор атағы берілді (профессорлық аттестат ПР N017637, 8 желтоқсан).

1995 ж. "Қазақ әдеби тілінің тарихы" атты монографиясы үшін ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді.

1996 ж. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды.

"Қазақ радиолары" ұжымы марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Рабиға апамыздың жатқан жері жаннатта, топырағы торқа болсын!