Ұлттық парктердегі заңбұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды
Енді кез келген азамат ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады.
"Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заңбұзушылық жойылды. Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз!", - деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жедел желісінің нөмірі: +7777 6785252.
Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ заңбұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.
Осылайша, елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі" проблемасын көтерген болатын. Өткен демалыстан бастап, Экология министрлігі ҚР ІІМ қызметкерлерімен, қоғам белсенділерімен бірлесіп, адамдар демалатын табиғи және ерекше қорғалатын аумақтарда рейд өткізіле бастады. Заңбұзушылық орын алған жағдайда түсіндіру жұмысы жүргізіліп, айыппұл салынады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасуда.
Бұдан бұрын Экология министрі ұлттық парктерде "шашлык туризмі" болмайтынын атап өткен. Ұлттық парктерге келушілерді министрлік экотуризмді дамыту, оның ішінде аяқжолдар мен қажетті инфрақұрылым салу арқылы тартпақ.
Министрлік қарамағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер тізімі:
1. Іле-Алатау МҰТП
2. «Көлсай көлдері» МҰТП
3. Шарын МҰТП
4. «Алтын-Емел» МҰТП
5. «Көкшетау» МҰТП
6. Баянауыл МҰТП
7. Қатон-Қарағай МҰТП
8. Сайрам-Өгем МҰТП
9. «Бұйратау» МҰТП
10. Қарқаралы МҰТП
11. Жоңғар-Алатауы МҰТП
12. «Тарбағатай» МҰТП
*** ***
Запущена "горячая" линия по нарушениям в нацпарках Казахстана.
Теперь каждый гражданин может напрямую сообщить о нарушениях в нацпарках, с приложением фото и видео, в том числе фактах незаконной вырубки деревьев, незаконного рыболовства и охоты, отказа в выдаче чеков на экопостах, замечаниях к работе сотрудников парков и других нарушениях.
"Уже сейчас к нам поступают звонки с жалобами и замечаниями по работе национальных парков. По каждому обращению ведутся проверки и исправления. Так, по одному из сообщений уже оперативно приняты меры, нарушения устранены. Будем вместе менять ситуацию в наших нацпарках. Только вместе мы сможем добиться лучших результатов!" - сказал министр экологии Магзум Мирзагалиев.
Номер "горячей" линии по нацпаркам Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭГПР РК: +7777 6785252.
В сообщении на ватсап "горячей" линии указывается ФИО обращающегося, а также фото или видео нарушения, название нацпарка и примерное место.
Таким образом, каждый житель страны может принять участие в защите и охране природы страны, с также в воспитании высокого уровня культуры туризма у населения.
Напомним, ранее проблему "повального бескультурья граждан с местах отдыха на природе" поднимал Президент РК Касым-Жомарт Токаев.
С прошлых выходных запущены рейды Минэкологии совместно с сотрудниками МВД РК и общественниками по местам отдыха граждан на природе и особо охраняемых территорий. В случае нарушений ведётся разьяснительная работа, налагаются штрафы. Системная работа в этом направлении продолжается.
Ранее министр экологии отмечал, что "шашлычного" туризма в нацпарках не будет. Посетителей в национальные парки министерство собирается привлекать развитием экотуризма туризма, в том числе посредством развития пеших троп и обустройства необходимой инфраструктуры.
Список государственных национальных природных парков Казахстана при министерстве экологии, геологии и природных ресурсов РК:
1. Иле-Алатауский ГНПП
2. ГНПП «Көлсай көлдері»
3. Чарынский ГНПП
4. ГНПП «Алтын-Эмель»
5. ГНПП «Кокшетау»
6. Баянаульский ГНПП
7. Катон-Карагайский ГНПП
8. Сайрам-Угамский ГНПП
9. ГНПП «Буйратау»
10. Каркаралинский ГНПП
11. Жонгар-Алатауский ГНПП
12. ГНПП «Тарбағатай»