Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

ЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

ЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенатта өткен брифингте жасанды интеллекттің жаппай енгізілуі Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты

Оның сөзінше, бұл процесс енді ғана басталып жатыр.
Өздеріңіз білесіздер, бізде еңбек нарығына болжам жасайтын Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бар. Олардың дерегіне сүйенсек, алдағы 10 жылда жасанды интеллекттің жаппай енгізілуіне байланысты кейбір жұмыс орындары қысқаруы мүмкін, – деп атап өтті вице-министр.
Айтуынша, бұл негізінен көмекші персоналға, бухгалтерлерге, заңгерлерге және адамның тікелей қатысуын қажет етпейтін мамандықтарға қатысты.
Осындай бағыттар бойынша шамамен 300-400 мың жұмыс орны есептелді. Біз бұл санды білеміз, сондықтан қазір адамдарды қайта оқытып жатырмыз. Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта даярладық. Мұндай жұмыс барлық өңірде қатар жүргізіліп жатыр, – деді Ербол Тұяқбаев.

Фото:baq.kz