Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Күллі әлемді жайлаған короновирустың зардабы әлі де сейілер емес. Үкімет жеңілдетілген карантин жағдайын тағы да 2 аптаға созуды ұйғарды. Бұл әрине, бірінші кезекте халықтың денсаулығы үшін қажет шешім. Соңғы мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, жер бетінде сол бір жаман індетті жұқтырғандар саны саны 17 млн-нан асса, елімізде бұл көрсеткіш 88000-ға жуықтады.  

Десек те, әлем болып осы індетті ауыздықтайтын вакцина жасап, еңбектеніп жатырмыз. Әр мемлекет өз ғылымының дамуы деңгейінде әрекет етуде. Осы мақсатта еңбектеніп жүрген біздің ғалымдарымыз да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Олар ковитқа қарсы вакцина жасап, клиникаға дейінгі сынақтың оң нәтижесін алып, оны ДДСҰ жоғары бағалап, 15 мамырда өз веб-сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға кандидаттық вакцина ретінде тіркеді. Бұл, әрине біздің ел ғалымдарының жетістігі. Бұл тек үлкен жұмыстың басы ғана, себебі алда бұл бағытта жасалуы тиіс талай зертханалық сынамалар бар. Біз өз кезегімізде осы тақырыпты кеңінен тарқатып айтып беру үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов мырзаға хабарласып, сұхбат алдық.

Толық ақпаратты «Басты тақырып» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.