Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асхат Оралов "Әділет" партиясы төрағасының орынбасары болды: Тағы кімдер тағайындалды

Асхат Оралов

Асхат Оралов "Әділет" партиясы төрағасының орынбасары болды: Тағы кімдер тағайындалды

"Әділет" партиясында басшылық құрамға өзгеріс енгізілді. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов тағайындалды. 
"Әділет" партиясының басшылық құрамы анықталды. Партия төрағасының бұйрығымен төраға орынбасарлары қызметіне Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және 
Бұған дейін партия төрағасының орынбасары қызметіне коммуникациялар мәселелері бойынша Әлия Адамбаева, идеологиялық бағыт бойынша Ержан Жылқыбаев және цифрландыру мәселелері бойынша Қаныш Тілеушин тағайындалған еді.
Айта кетейік, Асхат Оралов 1990 жылғы 10 ақпанда Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Аударма ісі" және "Халықаралық қатынастар" мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген. ЕҰУ-да халықаралық қатынастар бойынша PhD докторы атанған. Еңбек жолын жастар ұйымдарындағы қызметтен бастаған. Әр жылдары "Нұр Отан" партиясының құрылымдарында, Астана қаласының жастар саясаты басқармасында жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020-2021 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылы "Nur Otan" партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды. 2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. 2024-2025 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ал 2025-2026 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Оралов 2016-2018 жылдары Астана қаласы мәслихатының VI шақырылым депутаты болған. 2019 жылдан президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Сонымен қатар президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Нұрсұлтан Байтілесов 1991 жылғы 3 наурызда Жетісай қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласының Алматы аудандық сотында бастаған.
Әр жылдары Атырау және Павлодар облыстық соттарында, Қазақстан Жоғарғы Сотының аппаратында және Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшілігінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.
2018 жылы Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшілігінің басшысы, 2020 жылы Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылдан Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылы Мәжіліс депутаты болып, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына кірді. 2026 жылы Парламенттің таратылуына байланысты депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
Ал Елдар Жұмағазиев 1973 жылғы 12 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша, кейін Ресей мемлекеттік қызмет академиясын саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат саласында, "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінде және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтер атқарған.
2022-2026 жылдары "AMANAT" партиясының хатшысы болды. 2026 жылдың маусым-қыркүйек айларында "Әділет" партиясы төрағасының кәсіпкерлік қанаты бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. Ол бұған дейін "Адал" және "AMANAT" партияларының саяси кеңестері құрамында болған.
Еске салайық, бұған дейін 28 тамызда Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде 145 депутаттың 144-і оның кандидатурасын қолдады. Дәдебай сайланғаннан кейін депутаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, бұл қызметті "үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік" деп атады. Құрылтай төрағасы ретінде Дәдебайдың алғашқы шешімдерінің бірі — өзінің орынбасарларын ұсыну болды. Ол Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды. Депутаттар үш кандидатураны да қолдап, олар Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды. Осылайша 2026 жылғы мамырда "Әділет" партиясының төрағалығына келген Айбек Дәдебай араға бірнеше ай салып, жаңа заң шығарушы орган Құрылтайдың алғашқы шақырылымына төраға болды.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі