Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандар сыйақы алды

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандар сыйақы алды

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық және пара алу қылмыстары бойынша мемлекетке 457 млн теңге шығын келтірілген, 

Бүгінде аталған қаражаттың 414 миллион теңгесі қазынаға қайтарылған. Жыл басынан бері білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс салаларында қылмыс жасағандар тіркелген.

«Осы салаларда сыбайлас жемқорлық қауіпті деңгейге жетіп отыр. Жыл басынан бері 86 қылмыс тіркелген. Мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша да заң бұзушылыққа жол беріледі. Бұл бағытта «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесінде бюджеттік 115 млн теңге үнемделді. Ал арнайы мониторингтік топ карантин уақытында дәріханалардағы бағаларды тексеріп, сырттан келген гуманитарлық көмектердің дұрыс бөлініп, таратылуын бақылады. Осы уақытқа дейін 114 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тіркелді. Бұлар негізінен экология, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастарына жауапты мекемелерге қатысты», - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедычке.

Соңғы 6 айда жемқорлық фактісі туралы хабарлаған облыстың жеті тұрғынына сыйақы берілген. Бұл мақсатта жарты миллион теңге жұмсалды.



Дереккөз: ҚазАқпарат