Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 9:00

Жаңалықтар 9:00
  • Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі.
  • Алматыны газдандыру қашан аяқталады? Маман жауап береді.
  • Елордада карантин тәртібін бұзған дәмханалардың тізімі жасалды.
  • Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.


Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Қазір ол дайындалып жатыр. Бұл туралы "Abai tv" телеарнасының "Сарасөз" бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ. Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгерінің 175 жылдығын дүркіретіп тойлау жоспарда бар еді. Алайда эпидемиологиялық ахуалға орай мерейтойды өткізу мүмкін болмады. Карантин салдарынан халық қатысуы тиіс шаралар қысқарғанымен, тойдың мазмұнды өтуіне кедергі емес. Ең негізгі мәселе, Абай шығармалары дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударылды. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде арнайы орталықтар ашылады. Елімізде де бұл жұмыс бір жүйеге келіп, ғылыми-зерттеу институты құрылды, – дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

***

Алматы 2021-2022 жылдарда толық газдандырылады. Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаевтың айтуынша, қазір қалада үй құрлысы қарқынды, ғимарат саны артып келеді. Инженерлік тұрғын үй құрылысына рәсімделген жерлер көп, алайда олар әлі салынуда. Сондықтан газбен қамту 2021 жылы толық аяқталады. Сонымен қатар, алматылықтарға биылдан бастап газ кіргізуге пайызсыз несие беріледі.

***

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет карантин ережесін бұзған дәмханалардың тізімін жариялады. «Шаурма» және «Баррус» кафелері карантин тәртібін бұзудан рекорд жасады. 5 шілдеден бері «Шаурма» кафесін тексеру кезінде 16 тәртіп бұзу фактісі, ал «Баррус» кафесінде 6 заңбұзушылық тіркелді. Мобильді топ өкілдерінің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, кей кәсіпкерлер карантинді бұзуын тыяр емес. Қаладағы 4 аудан бойынша ережені елемейтін 13 дәмхананың атауы белгілі болып отыр.

***

Еліміздегі 7 облыстың аумағында жел күшейеді. Қазгидрометтің болжамына сәкес, бүгін Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғып, кей аумақтарда оның күші секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.