Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00
  • Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда.
  • Үкімет дәрігер кеңесімен үйде емделетіндерге дәрі сатып әпереді. 
  • Қытай Қазақстанның зығыры мен бидайына қызығып отыр. 


Үйде емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алынады. Сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізіміне қабынуға қарсы парацетамол мен ибупрофен препараттары, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары кіреді. Бұл туралы "СҚ-Фармация" Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты. Көптеген жағдайда ауру жеңіл немесе орташа ауырлықта жүреді, бірақ медициналық қолдауды қажет етеді. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты диагностикалау және емдеу хаттамасына амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан пациенттерге арналған негізгі бес препаратты енгізуді мақұлдады, - деді Есқалиев. Оның айтуынша, қазір сатып алу рәсімдері аяқталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша. бұл қор бір миллион науқасты емдеуге жетеді. 

***

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда. Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Әкімдік Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда. Қала әкімі Алтай Көлгінов бүгін таңертең Шұғыла, Қосшығұлұлы, Абайдың 150 жылдығы,Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылыс барысымен танысты. Көлгіновтің айтуынша, биыл берілетін пәтер саны 1 мыңға жуық. 

***

Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады. Осылайша, қазіргі уақытта 103 зығыр тұқымын өндіруші және бидай ұнын өндіретін 94 компанияның өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқығы бар. Компаниялардың көпшілігін Ауыл шаруашылығы министрлігі кепіл бола отырып, тізімге енгізген. Соңғы жылдары Қазақстан фермерлері зығыр егуге ден қойып отыр. Бұл дақыл өндірісте аса қымбат емес әрі күй талғамайды. Алайда, бұл дақылды қарқынды егу салдарынан өңделген топырақтың тез сарқылу қаупі бар. Бірнеше жыл ішінде Қазақстан зығыр тұқымы мен зығыр майының ірі экспорттаушысына айналды – жыл сайын Еуропа мен Азияның бірқатар еліне экспортталады. 

***

ҰҚК ел тарихындағы ірі есірткі зертханасын жойды. Синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған 55 кг-нан аса "мефедрон" есірткі заты, сондай-ақ ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы алынды. Бұл есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңге. Бұдан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклін қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 кг есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейін есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатау ұлттық паркі" аумағында коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан.

***

Түркия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Түрік тарапы Air Astana компаниясының жолаушылар ұшағы Анадолы еліне ұшқалы жатқан кезінде телефонмен хабарлады. Бір сағаттан кейін әуе қатынасын іске асыруға тыйым салатын ресми құжат жіберді. Дегенмен, Алматы-Стамбул-Алматы рейсін аяқтауға бір реттік рұқсат берілді. Сөйтіп, жоспарлы уақыттан екі сағатқа кешіккен 101 жолаушы Стамбулға аттанды. Иран мен Ауғанстаның әуе рейстеріне де уақытша тыйым салынған.