Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 2.09.2020

Қорытынды жаңалықтар 2.09.2020

Мәжіліс Президент Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті. Бүгін Палатаның VI сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселеге кіріспес бұрын Спикер Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың назарын Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтарға аударды.

***

Сонымен қатар, Үкімет те Президент жолдауындағы маңызды міндеттерді орындауға кірісті. Ол үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленеді. Министрлер кабинеті құжатты алдағы бір апта ішінде дайындап, Мемлекет басшысының қарауына беруі тиіс. Бұл орайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту, агроөнеркәсіп саласын дамыту, бюджетті жоспарлаудың жаңа жүйесін әзірлеу, Ішкі істер министрлігін реформалау және Денсаулық сақтау мен білім саласын қолдау- басты назарда. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, Жолдауды толық және уақытында іске асыру үшін қажетті ресурстар мен құралдар бар. Тек үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету қажет.

***

Осылайша, Ұлттық банк карантин кезінде зардап шеккен кәсіпорындарды қолдауға 200 млрд теңге бөледі. Салалар тізбесін Үкімет «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп анықтайды. Ұлттық Банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

***

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларының тез арада орындалуын қамтамасыз ету үшін бірнеше шара қабылдауда.Үкіметке «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінде сатып алу туралы» заң жобасы енгізілді. Құжат барлық процедураны 100% электрондық форматқа көшіру арқылы сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған. Барлық реттелетін сатып алуды Бірыңғай терезе арқылы өткізу жоспарлануда. Кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде экономикалық тергеу қызметі қайта бағдарланады. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету осы және келесі жылдарды нақтылау кезінде; 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында жүргізіледі.

***

ҚХА Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға әзір. ҚХА төрағасының орынбасары, Нұр- Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов осылай дейді.

***

Ауыл әкімдерін енді халық сайлайды. Жолдауда Президент осы мәселені көп кешіктірмей іске асыруды жүктеді. Бұл – халықтың қоғамдық және басқару ісіне араласуына мүмкіндік береді», - дейді БҚО мәслихат депутаты, «Болашақ» қорының төрайымы Салтанат Тұманбаева.

***

Оқытудың дәстүрлі форматына көшу қалай іске асырылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, тиісті тәртіп Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді. Бірінші тоқсанды балалар қашықтан оқиды. Осы аралықта жағдай ушығып кетпесе, балалардың мектепке баруы әбден мүмкін. Одан бөлек, министр «бірінші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстемақы төленеді» деді. Магистр дәрежесі бар педогогтерге енді 27 мың теңге төленеді. Одан бөлек, дәптер тексерген және сынып жетекшілігін атқарған ұстаздарға қосымша ақы беріледі.

***

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынақтан өткізуге өз еркімен қатысуға ниетті Қазақстан азаматтарынан өтінім қабылдау басталды. Оны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты жұргізеді. Еріктілердің жасы – 18-ден 50 жасқа дейін. Қойылатын талаптардың ішінде COVID-19 бен ауырмауы және осындай диагнозы болған нақастармен байланыста болмауы керек. Алкогольге және есірткіге тәуелді, психикалық ауытқулары, ауыр эндокриндік және бүйрек сырқаттарының болмауы сияқты тағы да басқа шарттар қарастырылған. Жүкті және бала емізетін әйелдер зерттеуге қатыса алмайды. Еріктілер туралы барлық ақпарат құпия болып саналады және Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасымен қорғалады.

***

Шымкенте соңғы 3 тәулікте коронавирус дерегі тіркелген жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Алайда, Президент айтқандай қалыпты өмір салтына қайта көшуіміз үшін әлі де болса карантин талаптарына сәйкес сақтық шараларын күшейту қажет», - деді әкім.