Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құс тұмауының таралуы ішкі нарықтағы жағдайға әсер етпейді – ҚР АШМ

Құс тұмауының таралуы ішкі нарықтағы жағдайға әсер етпейді – ҚР АШМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміздегі жұмыртқа өндірумен айналысатын 35 фабрика бар. Олардың қуаттылығы жеткілікті және ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете алады.

«Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысындағы өңір құс фабрикалары өңір сұранысын қамтамасыз етіп, өнімді басқа да аймақтарға сата алады. Қазіргі кезде құс тұмауының таралу жағдайы бақылауға алынды», - деді АШМ өкілі журналистің қойған сұрағына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда жылына 5 млрд 400 мыңнан астам жұмыртқа және 223 мың тонна құс еті өндіріледі. Жұмыртқа бойынша Қазақстан ішкі нарықтың сұранысын артығымен, 106 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, жылына 500 млн. астам жұмыртқа экспортқа шығарылады.